
Пәннің пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы, Педагогика, Психология, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, Мұғалімдердің кәсіптік педагогикалық мәдениетін көтеру.
Пәннің постреквизиттері: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклы (жаратылыстану, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, философия және басқалар), сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің дүниетанымдық аспектісі, «Білім берудегі Менеджмент», «Тарихнама», «Деректану».
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Тарихты оқыту әдістемесі-білім беру процесінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқытудың мазмұны мен әдістерін зерттейтін пән. Ол тарихи білімге кәсіби бағдар береді. Бұл барлық жаңа педагогикалық зерттеулердің әдістеме арқылы практикаға жол табуына байланысты. Курсты оқу барысында алынған білім педагогикалық іс-әрекеттегі әдістемелік шеберлікті игеруге негіз болуы. Әдістемелік жұмыс дағдыларын игеру: сабақты әзірлеу және талдау, оқу сабақтарының әртүрлі типтері мен формаларын, инновациялық технологияларды меңгеру.
Оқыту нәтижелері: 6В01601- Тарих және дінтану ББ
ОН 1 Дүниетанымы кең, ойлау мәдениеті жоғары, толеранттылық пен гуманизмі бар үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік, гуманитарлық, жаратылыстану пәндері бойынша базалық білімдерін көрсету;
ОН 3 Білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу жағдайында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін цифрлық білім беру технологиялары саласындағы білімді тәжірибеде қолдану (ТЖБ, БЖБ);
ОН 10 Қазақстан Республикасындағы білім берудің жаңартылған мазмұны мен критериалды бағалау жүйесін ескере отырып, ғылыми-зерттеу және жобалау қызметінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану; кәсіби қызметтің жеке стилін қалыптастыру үшін заманауи білім беру тенденцияларына сәйкес түпнұсқа оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеу; психофизикалық дайындық және кәсіби қызметтің әртүрлі түрлеріне өзін-өзі дайындау үшін әр түрлі дене шынықтыру құралдарын пайдалану.
- Учитель: Сауле Ахметжановна Абдрахманова