Бастауыш сынып оқушалырының жаратылыстану-ғылыми білімі-ғылыми педагогикалық пән. Ол болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне “жаратылыстану” пәнінен сабақ берудің теориялары мен әдістемесін және оқыту технологияларын үйретеді. Жаратылыстану циклдерінен алған білімдерін пайдалана отырып болашақ мұғалімдер осы пән бойынша алған білім мен білік дағдыларын қалыптастырады. Олар оқушыларға тіршіліктің алуан түрлілігі жайлы және оның таралу жолдары мен табиғатты аялай білу қажеттілігін түсіндіріп бағыттайды.

Қысқаша сипаттамасы: Бұл пән бастауыш мектеп жасындағы балаларда әлемнің тұтас бейнесін қалыптастырудағы сабақтастықты сақтау мақсатында Әлеуметтік және жаратылыстану ғылыми бағыттағы пәндердің теориялық білімдерімен танысуға бағытталған.