Экономикалық теория – қоғамның материалдық игіліктерін өндіру, тарату және айырбастау бойынша қарым-қатынастар жиынтығын зерттейтін ғылым.

Бұл пән нарықты, өндіріс факторларын зерттейді; еңбек, жер рентасы, капитал және кәсіпкердің кәсіпкерлік қабілеті кірісі. Ол ұлттық экономиканы жүйе ретінде, экономика дамуының циклдік сипатын, жұмыссыздық пен оның нысандарын, инфляцияны және оның түрлерін қарастырады.

 Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту; ғылыми білімге баулу, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындау және қабілетін шыңдау. Пәнді оқытудың міндеттері: студенттердің ғылыми зерттеулер жүргізудегі практикалық дағдыларын дамыту; ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Компьютерлік презентацияларды пайдалана отырып, интерактивті дәрістер, белсенді практикалық сабақтар өткізу, білім беру процесіндегі ғылыми зерттеулердің АКТ-мен өзара байланыстыру.