Халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғышарты болып табылады. Халықаралық құқық нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан туындайды. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттеп отырады, сонымен бірге оның нормаларына өз әсерін тигізеді. Халықаралық кұқық кез келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие болатын жан-жақты және дамыған халықаралык қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқық нормаларынын мазмұнын айқындайды.
Халыкаралық қатынастар - бұл мемлекеттердің арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және өзге де байланыстар жүйесі.
Халықаралық қатынастарға мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, халықаралық ұйымдар рөлінің артуы, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларының туындауы, ядролық соғыстың алдын алу, халықаралық құқық рөлінін өсуі сияқты сипаттар тән.
Халықаралық құқық - мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Ол құқықтын ерекше жүйесі ғана емес, ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан едәуір айырмашылығы бар. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттейтін шарттық және нормалар мен қағидалар жүйесін және мемлекеттін салыстырмалы келісілген еркін көрсетеді.
- Учитель: Азамат Омаров