Пәнді оқыту мақсаты – студенттерге ақпараттық технологияларды меңгеру үшін қажетті
математикалық аппаратты игерту, логикалық және алгоритмдік ойлауды қалыптастыру
болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін пән
аясында студенттердің математикалық ойлау қабілетін дамыту, формалды логика мен
дәлелдеу тәсілдерін, дискретті құрылымдарды меңгеру, ақпараттық технологияларда
қолданылатын жиындар теориясы, қатынастар мен бейнелеулер, матрицалар,
комбинаторика, графтар және ықтималдық теориясының элементтері сияқты
математикалық әдістерді үйрету көзделеді.
- Учитель: Замзагуль Ожибаева