Пәннің пререквезиттері: Қазақстан тарихының мектеп курсы.

Пәннің постреквизиттері: Болашақ маманның дүниетанымдық даярлығы қызметін атқаратын әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің циклы (философия, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану және т. б.), сондай-ақ жалпы кәсіби және арнайы пәндердің дүниетанымдық аспектісі.

Пәннің мақсатыҚазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру.

Пәннің міндеттері:

1) білім алушыларды фундаментальді деректанулық және тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен таныстыру;

2) Қазақстан тарихының гуманитарлық білім беру жүйесіндегі орнын анықтау;

3) дамудың заманауи кезеңіндегі өзекті мәселелерді талдау үшін Қазақстан тарихының нысаны мен пәнінің ерекшелігін анықтау;

4) Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттілік формалары мен өркениеттердің эволюциясын, қазақ халқы этногенезінің негізгі кезеңдерін толық және объективті көрсетуге негізделген Қазақстан тарихының ғылыми-негізделген тұжырымдамасын жасау;

5) Қазіргі Қазақстан тарихының оқиғалары туралы білімдерді жүйелеу.

 

Қысқаша сипаттамасы:

Пәннің мазмұны бес тақырыптық блоктан тұрады: Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы, Түркі өркениеті және Ұлы дала, Жаңа замандағы Қазақстан (ХVIII ғ. - XX ғ. басы), Кеңестік кезеңдегі Қазақстан, Тәуелсіз Қазақстан.

 

Оқыту нәтижелері:

1) Қазақстан тарихының негізгі даму кезеңдерін білу мен түсіну бойынша білімін көрсету;  

2) сыни талдау негізінде тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік тарихи дамуының ортақ ұстанымдарымен ұштастыра білу;

3) қазіргі Қазақстандағы құбылыстар мен тарихи үдерістері зерттеу барысында аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын игеру;

4) заманауи қазақстандық даму үлгісінің ішкі ерекшеліктерін объективті және жан-жақты зерделей білу;

5) Қазақстан тарихынының үдерістері мен тарихи құбылыстарды жүйелеу және сыни баға беру.