Пәннің пререквизиттері – «Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық  тарихы» пәні курсын оқып меңгеру үшін студенттердің  «Алғашқы қауымдық қоғам тарихы», «Ежелгі дүние тарихы», «Номадизм» пәндері бойынша білімдері болуы тиіс.

 

Пәннің постреквизиттері – «Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық  тарихы»  пәні курсы бойынша алған білім студенттерге алдағы уақытта «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы» пәнін игеру үшін қажет.

 

Курстың мақсаты  –  Қазақстан территориясындағы алғашқы қауымдық құрылыс, алғашқы адамдардың тіршілігі мен ескерткіштерінің зерттелуі, алғашқы тайпалық одақтар мен мемлекеттердің тарихы жөнінде,  Қазақстан жерінде түркі мемлекеттерінің құрылуы, монғол дәуіріндегі Қазақстан және Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы тарихынан студенттердің жүйелі білімдерін қалыптастыру.