«Қылмыстану» пәнін оқу үшін студенттерге келесі пәндерді білу қажет: мемлекет, құқық теориясын, мемлекет және құқық негіздеріннің тарихы, криминалистика, қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік құқық.

   Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін криминология пәні келесі негізгі міндеттердің шешімін болжайды:

-         Тыңдаушыларға отандық криминологияның негізгі проблемалары, пәні туралы білім беру;

-         Тыңдаушылрдың қылмыскерлікке, оған қарсы тұруға, әлеуметтік теңдік қағидаларын қорғау, жеке тұлға мен қоғамды қылмыскерлерден қорғау болып табылады.   Бұл пән бойынша білім келесі пәндерді өту  үшін қажет: криминалистика,  қылмыстық іс жүргізу құқығы, қылмыстық-атқару құқығы, заңгердің кәсіби этикасы.

Егер сөзбе – сөз ұғынсақ, Қылмыстану дегеніміз қылмыскерлік жайындағы ілім. Бірақ криминалогия ғылымының нақты мазмұны едәуір күрделі әрі көп аспектілі. Ол жекелеген қылмыстардың ғана емес, жаппай қылмыстық әрекет ретіндегі қылмыскерліктердің де заңдылығын зерттейді, адам неге қылмыс жасайды? Ондайды жол бермеу үшін не істеу қажет? – деген сұрақтарға жауап береді.Пәннің негізгі мақсаты- қылмыскерліктің негізгі теориясының себептерін студенттердің терең және жанжақты зерделеуі. 

Оқыту барысында келесі мақсаттар қойылады :

- «Қылмыстану» облысында студенттердің білімдердін қалыптастыру;

- кәсіпкерлік-құқық сұрақтарын студенттердің талдау қағидаларын білуі;

- теориялық алған білімдерін тәжірибелікте қолдану білуін дамыту.

Студент, «Криминология» пәнін оқуын аяқтағаннан кейін, кез келген халықаралық құқық жағдайларын талдай алатын  білімге ие болуы тиісті. Студент халықаралық жария құқық әдістемелік аппаратына ие болуы тиісті және жағдайларын талдауының өз кәсіпшілік қызметінде  орынды шешімдер қабылдау үшін  оны қолдана білу қажет.