Криминалистика бағымын оқу арқылы тыңдаушылар қылмыстың алдын алып, әшкерлеуде қолданылатын криминалистикалық құралдар мен әдіс – тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйренеді.

«Криминалистика» пәнін оқып білу келешек құқық қорғау органдарының мамандарына қажет екендігін, студенттермен алғашқы күннен ұғынуы – ең бастапқы талаптардың бірі болып саналады.

Криминалистканы оқытудың мақсаттарының бірі басқа ғылым салаларындағы теориялық ойларды жетік меңгеріп, оларды тергеуші, анықтама органы және криминалистикалық бөлім қызметкерлеріне арналған тәжірибелік нұсқауларменде байланысты.

Студенттер белгілі бір берілген тақырыпқа байланысты нормативтік-құқықтық актілерді ұқыпты оқуға мемлекеттегі қолданылатын заңдардағы өзгерістер мен мен толықтыруларды және жаңа нормативтік-құқықтық актілердің басылымдарын бақылауға міндетті. Студенттердің нормативтік-құқықтық актілерді қаншалықты терең меңгергенін олардың деңгейінен байқауға болады.