Орман шаруашылығында ғылыми зерттеулер әдістері, эксперименттерді жоспарлау, салу және жүргізу техникасы, тәжірибелер нәтижелерін статистикалық бағалау, өндіріске ғылыми негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар әзірлеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру. Далалық эксперименттерді салу және жүргізу әдістерін зерделеу; ағаштарды зерттеу деректерін статистикалық өңдеу негізінде сыналатын сорттарды, агрошараларды және технологияларды агрономиялық бағалау; жер учаскесін таңдау, дайындау; тәжірибелік учаскеде дала жұмыстарын ұйымдастыру; топырақ және өсімдік үлгілерін іріктеу; өнім сапасын бағалау; ғылыми құжаттаманы ресімдеу білімдері мен дағдыларын меңгеру; орман жағдайында далалық тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу бойынша дағдылар мен білімді меңгеру.