Пән: CHEM63005 Химиялық технология

Дайындық бағыты: 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді дайындау

Білім беру бағдарламасы: 6В01504 – Негізгі мектептегі химия және биология

Пререквизиттер: Химиялық талдау негіздері, Аналитикалық химия.

Постреквизиттер: Химиялық синтез, Физикалық және коллоидтық химия, Химиялық эксперимент әдістемесі, Физика-химиялық зерттеу әдістері.

 Пәннің мақсаты: курсы химия және химиялық технология ғылымдарының негізгі, әрі күрделі саласын құрайды және кәсіптік пәндерге жатады. Жалпы химиялық технология қолданбалы ғылым ретінде химияның теориялық заңдылықтарын іс жүзіне асырып, бағалы химиялық өнімдер алуға қол жеткізеді.

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Өндіріс жағдайында өнім шығымдылығына әсер беретін химиялық процестердің тепе – теңдігі мен жылдамдығы, гомогендік, гетерогендік, катализдік процестер қарастырылған және бірқатар маңызды химиялық өндірістердің технологиялары. Химиялық өндірістер – күкірт қышқылы өндірісі, аммиак және азот қышқылы өндірістері, фосфор өндірісі, минералдық тыңайтқыштар өндірістері, көмір өндеу және көмір химиясы, мұнай өңдеу және мұнай – химия өндірісі, органикалық синтез, жоғары молекулалық қосылыстар өндірісі.

Оқыту нәтижелері:

Н 6. Экспериментті қауіпсіз жүргізу дағдыларына негізделген зерттеудің физика-химиялық әдістерінің қазіргі заманғы аспаптары мен жабдықтарындағы химиялық реактивтерді пайдалана отырып, ғылыми және жобалық жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру, сондай-ақ академиялық жазудың ерекшеліктерін білу (аннотация, эссе, рецензия, реферат, ғылыми мақала), ғылыми мәтіндерді зерттеу стратегиялары тұрғысынан талдай білу, жария ету дағдыларын меңгеру химия саласындағы ғылыми жұмыстарды ұсыну және талқылау.

Н 7. Пәнішілік және пәнаралық байланыстарды ескере отырып, негізгі мектептің химиясы мен биологиясы саласындағы фактілерді, құбылыстарды және негізгі теориялық бөлімдерді іргелі біліммен және түсінумен; ХХ1 ғасырдағы бөлімдердің мазмұны мен тақырыптарының тенденцияларына сәйкестігін, пәнішілік байланыстарды барынша есепке алу үшін білім деңгейлері бойынша және бүкіл оқу курсы бойы педагогикалық мақсатқа бағдарлаудың арнайы дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударуды қолдану.