Конституциялық құқық - құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы. Конституциялық құқыққұқықтың бір саласы ретінде өзінің жүйелік құрылымы жөнінен жекеленген институттарға бөлінеді. Конституциялыққұқытық институттар біртекеті және өзара байланысты қатынастарды реттеуші белгілі бір конституциялық құқық нормаларын көрсетеді. Сала жүйелері, ішкі бірлікпен, сол жүйенің элементтарі арасындағы өзара байланыспен сипатталатын белгілі бір құқықтық құрылымдар жиынтығын білдіреді.

Конституциялық құқық институттарының қатарына келесідей институттар жатады:

- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы негіздері;

- Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері, азаматтық институты;

- Президенттік институты;

- Парламентаризм институты;

- Үкімет;

- Конституциялық сот;

- Соттар жəне сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уəкіл;

- ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ.