Пәннің пререквизиттері:
Аталған пәнді оқығанға дейін өтілген пәндер тізімі (пререквизиттер):
Ø «Ежелгі дәуір әдебиеті»;
Ø «Фольклор»;
Ø «Әдебиеттануға кіріспе»;
Ø «Философия»;
Ø «Өнертану»;
Ø «Мәдениеттану»;
Ø «Әлеуметтану»;
Ø «Психология»;
Ø «Дүниежүзілік тарих»; т.б.
Пәннің постреквизиттері:
Аталған пәнді оқығаннан кейін пәндер тізімі (постреквизиттер):
Ø «Әдебиет теориясы»;
Ø «Ежелгі әлем әдебиеті»;
Ø «Ортағасырлардағы шетел әдебиеті»;
Ø «Қазіргі кезеңдегі Шығыс әдебиеті»;
Ø «Қазіргі заман Батыс әдебиеті»;
Ø «Қазақ әдебиеті сынының тарихы»;
Ø «Драматургия жанрының поэтикасы», т.б.
Пәннің мақсаты мен міндеттері:
«Шетел әдебиетінің тарихы» – Қазакстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқытылып келе жатқан негізгі пәндердің бірі. Пәннің жұмыс бағдарламасын кұрастыруда тарихи-хронологиялық және аймақтық негіздемелерге сәйкестендіру басшылыққа алынды. Шетел әдебиетін оқып-үйрену – әлемдік сөз өнері мұраларын игеру деген сөз. Сондықтан, бағдарламада адамзат тарихы дамуының біздің жыл санауымызға дейінгі антикалық мәдениеттен бастап, XVIII ғасырға дейінгі әдеби-фольклорлық мазмұнын оқып-үйрену бағдарын желі етуде мақсат еттік.
Әлем әдебиетіндегі шығармалардың көркемдік-поэтикалық ерекшеліктерін айқындай отырып, студенттер жазушының жалпы творчествосын, өзекті мәселелерін тарихи тұрғыдан жан-жақты қарастырып, бай әрі бағалы деректер негізінде нұсқалы әрі терең талдау жасауға мүмкіндік алады. Әлем қаламгерлердің шығармашылық-ғұмырнамалық қызметтерін, көркем туындыларының тақырыптық-идеялық, стильдік-жанрлық ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастырып, шетел әдебиетінің әлемдік әдеби үрдістегі өзіндік орнын, көркемдік әдісдері, әдеби бағыттары, әдеби процесс, көркемдік әдіс-тәсілдер, ақын-жазушылардың суреткерлік шеберліктері жайында егжей-тегжейлі теориялық терең білімдерін меңгереді.
Шетел әдебиетінің рөлі мен мән-маңызы студенттерді тарихи әдеби процестердің негізгі ерекшеліктерін, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуына дүниетанымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктерінің құрылуына әсер етуімен қорытындыланады.
Сонымен қатар, әлемдік әдебиеттің ХХІ ғасырдағы даму заңдылықтарын, оған әсер етуші факторларды анықтау мақсат етіледі. Силлабус бойынша өтілетін теориялық курс ауқымында қазіргі кезеңдегі әлемде қалыптасқан саяси және қоғамдық ахуал жағдайындағы әлеуметтік, мәдени процестер, Азия және Еуропа елдерінің рухани өміріндегі алуан арналы, сан салалы трасформациялар, сөз өнерінің дәстүрлі негізде және жаңа үрдісте алға басуына түрткі болған жағдайлар, ең бастысы осы уақыттағы көркем әдебиеттің өзінің алдындағы дәстүрлі тенденцияларды негізге ала отырып, тақырыптық, идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан жаңа биіктерге көтерілу құбылыстары туралы білім, білік, дағдыларды қалыптастыру да көзделеді.
Практикалық білік дағдыларын қалыптастыру барысында әрбір студенттің білім, таным дәрежесін үнемі назарда ұстау қажет. Жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істеуін қадағалау, талап ету керек. Студенттер тақырыпқа орай берілген қосымша, қажетті әдебиеттермен жұмыс істейді, әдебиеттану ғылымындағы тақырыпқа қатысты бұрынғы-соңғы зерттеулермен жете танысады; өз тұжырым, таңдауларын ұсынады. Шығарманы көркемдік теориялық негіздер жөнінен талдап, тануға дағдыланады.
Пәннің міндеттері:
v әрбір кезеңнің даму ерекшеліктерін студенттердің біртіндеп игеруі; әлемдік сөз өнері дамуының тарихын әдеби шолу және монографиялық тақырыптардың ауқымында оқыту;
v пәнаралық байланыстарға үнемі назар аударып, шетел әдебиетіндегі шығармашылық мәселелерді ол елдердің тарихымен, көркем өнерінің түрлерімен (әуез, бейнелеу, сымбат, сәулет, кино, т.б.) байланыстылығын түсіндіру;
v әрбір ақын-жазышуның шығармашылығына арнайы тоқталып, оның көркемдік-эстетикалық концепциясымен таныстыру; ақын-жазушылар шығармаларына шолу жасау арқылы олардың шығармашылығын толық меңгерту;
v басты көркем бағыттардың және базалық эстетикалық жүйелердің ерекшеліктерін ашу;
v мәдениет пен әдебиеттің динамикасын анықтайтын ортақ бағыттар заңдылықтарының қарым-қатынастарын оқып-білу сол арқылы Батыс әдебиетінің асыл үлгілерін студенттерге үйрете отырып, оларды әсемдікке, ізгілікке, сұлулыққа, жалпы алғанда, классикалық дүниелерге құштарландыру;
v шәкірттердің бойында эстетикалық, этикалық мәдениетті сіңіре отырып, оларды адамгершілікке баулу, әлемдік әдебиеттің контексті аясындағы мұраларды талдата отырып, теориялық біліктілік пен алғырлыққа тәрбиелеу;
v әлем әдебиеті шығармалары жөнінде түсініктерін қалыптастыру, әлемдік шығармалардың идеялық-көркемдігін, қаламгер шеберлігін ашуда көркемдегіш құралдардың қызметін, әдеби жанрлардың ерекшелігін таныту;
v көркем шығарманы талдау жүргізу барысында дәлелдер жасап шығару және тәжірибеде қолдану үшін ұсыныстар әзірлеу; әлемдік әдеби туындыларды талдаудың негізгі әдістерімен таныстыру;
v шетел әдебиеті тарихы теориялық негіздерін меңгеру барысында жеке және топтық тапсырмаларды орындау, оқуды жалғастыру, ғылыми жұмысын жазу үшін қажет материалдарды өздігінен зерделей білу шеберлігі мен қабілетке ие болу;
v дәуір тынысы мен кезең көрінісінің Батыс Еуропалық проза, поэзия, дараматургиясында бедерленуін айқындау; шетел әдебиеті тарихындағы ақын-жазушылар шығармашылығының алатын орнына тоқталып, дәрістерді қорытындылау.
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Шетел әдебиеті – әлемдік мәдениеттің ең маңызды және құрамдас бөлігі. Ұлттық мәдениетімізге және әдебиетімізге үнемі орасан зор ықпал етіп отырады. Шетел әдебиеті гуманитарлық білім беруде әрқашан маңызды рөл атқарады.
«Шетел әдебиетінің тарихы» – жоғары оқу орындарында сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып оқытатын пән. Әлем әдебиетінің мұралары ежелгі замандардан қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттарын таныту қарастырылды. Сонымен қатар, Батыс әдебиеті көркемөнердің барлық салаларымен, тарихымен, этнографиясымен, философиясымен, психологиямен, педагогикамен, т.б. ғылымдарымен байланыста оқыту міндеттеледі.
Курсты оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі. «Шетел әдебиетінің тарихы» пәні мәдениеттің дамуына өзіндік үлес қосып, оқытудың әлемдік білім тәжірибелерімен сабақтаса, үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады. Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері, әдеби шығармалардың бүгінгі өмір шындығымен байланысты, мәтінді кешенді талдау негіздерін игеру көзделеді.
Оқу жұмыс бағдарламасына енген әрбір лекцияның әрқайсысының тақырыбы анықталды. Енген әр дәріс нақты талдауларға алынған. Әрбір талдауда талғам мен эстетикалық нысана биіктігі көзделе отырып, әдеби талғам, талдау, шетел халықтарының әдебиетінің табиғатын тану, сезіну, өзіміздің төл әдебиетімізбен ұштастыру нәтижесі көзделген. Дәріс кешені осындай талаптарға лайықты дайындалған.
Пәнді игеруде студенттер білуге тиісті:
ü қарастырылып отырған тарихи-мәдени дәуірлердің пайда болу заңдылықтарын, ішкі эволюциясы мен сабақтастығын, олардың идеялық көркемдік және эстетикалық ерекшелігін;
ü шетел әдебиетінің дамуын сол елдердегі әдеби бағыттар, ағымдар мен мектептердің генезисін, эволюциясын, поэтикасын, сабақтастығын және алмасуын түсіну арқылы білу;
ü Батыс Еуропалық әдебиеттің қалыптасуы мен дамуындағы антикалық әдебиеттің рөлін;
ü Ортағасыр мен Ренессанс дәуіріндегі әдебиет дамуының ерекшелігін;
ü ХVІІ ғ. классицизм мен барокконың эстетикалық ұстанымдарын;
ü ХVІІІ ғ. сентиментализм, рококо, ағартушылық реализмнің эстетикалық ұстанымдарын;
ü ХІХ ғ. романтизм, классикалық романтизм, декаданс және авангардизмнің эстетикалық ұстанымдарын;
ü ХХ ғ. «жаңа реализм», модернизм, постмодернизмнің эстетикалық ұстанымдарын;
ü антикалық, Батыстың көрнекті жазушылардың шығармашылығы мен әдеби бағыт, ағым, өз дәуіріндегі мектептердің біріне қатысты олардың көркемдік эволюциясын, сонымен бірге әрқайсысының көркемдік әдісінің өзіндік ерекшелігін және стилін білу;
ü адамзаттың көркем тарихының дамуындағы биік белеске айналған және алтын қорға енген әдеби шығармаларды білу;
ü қарастырылып отырған құбылыстардың қазіргі дәуірдегі зерттелу жағдайымен таныс болу.
Пәнді игеруде студенттер істей білуге тиіс:
ü анықтамалық әдебиеттермен, сыни зерттеулермен, әдебиеттанулық еңбектермен жұмыс істей білу тиіс;
ü әдебиеттанулық терминологияны еркін меңгеру және дұрыс пайдалана білуге тиіс;
ü көркем шығарманың поэтикасына өз бетінше талдай білуге, оның қай тарихи-мәдени дәуірге, қандай бағытқа, ағымға, мектепке жататынын ажырата білуге тиіс;
ü берілегн дәуірдегі әдеби құбылыстарды олардың жалпыадамзаттық құндылықтарын өзінше түсіндіре білуге тиіс;
ü олардың эстетикалық, адамгершілік, тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтай білуге тиіс;
ü әдеби шығармаларды, әдебиет теориясы мен тарихын білу негізінде өз көзқарасын қорғай ала білуге тиіс;
ü зерделенетін құбылыстарды шетел тілі мен әдебиеті оқытушысының кәсіби ұстанымдары тұрғысынан түсіндіре ала білуге тиіс.
Пәнді игеру барысында:
1) Тілдік және әдеби деректерді тану, саралау және талдау барысында жинақтаған теориялық білімін дұрыс пайдаланып, ойын жүйелі әрі дәлелді жеткізеді. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың оңтайлы формалары мен әдістерін таңдайды және қолданады, қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи әдістерін пайдаланады; рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру пәні меңгертіледі;
2) болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекер болып табылатынына көз жеткізу, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейтіледі;
3) құндылықтардың адамдық болмыстың негізін қалаушы, адам өмірінің бағыт-бағдарын анықтаушы категория екендігі, олардың құрылымы мен сипаты, құндылық пайымдаулардың табиғаты мен ерекшелігі, құндылықтарды бағалау категориясының маңызы, бағалаудың обьектісі, жалпыадамзаттық ұлттық құндылықтарды тани білудің мәні жан-жақты практикалық тұрғыда түсіндіріледі. Пәнді оқытуда әңгіме, пікірталас, түрлі медиаконтенттер әдісі пайдаланылады.
Оқыту нәтижелері:
ОН 2. Көп мәдениетті және көпконфессиялы білім беру ортасында сындарлы диалог үшін қазақ, орыс және шет тілдеріндегі коммуникация стратегияларын таңдау, белсенді тыңдау, әсер ету және шабыттандыру, ұзақ мерзімді қарым-қатынасты сақтау, командада жұмыс істеу немесе оны басқару және қақтығыстарды шешу, қоршаған ортаға сәйкес өзгеру мүмкіндігін беретін эмоционалды интеллектісін басқара алу.
ОН 3. Сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, ҚР білім берудің жаңартылған мазмұны бағдарламасы сай бойынша қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу материалын сыни іріктеу, бағалау және әзірлеу үшін психологиялық-педагогикалық ғылым саласындағы білімі мен іскерлігін көрсету.
ОН 6. Ғылыми зерттеулердің, академиялық жазудың әдістерін білу және лингвистика мен әдебиеттанудың теориялық ұғымдарының негіздерін қолдану, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес орта мектептің мектеп бағдарламасына енгізілген бөлімдер мазмұнын, тіл мен әдебиетті дәуірлеудің негізгі кезеңдерін сипаттау.
ОН 8. Сөз өнері ретінде әдебиетке тән ерекшеліктері қалыптастыру, әдеби терминологияны пайдалану, түрлі жанрдағы әдеби мәтіндерді талдау, материалды жалпылау және салыстыру, авторлардың көркемдік әдістері мен шығармашылық жүйелерінің ерекшеліктерін анықтау, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстан дәстүрлі және инновациялық технологияларды оңтайлы үйлесімді қолдану, филологиялық пәндерді жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде оқытуды ұйымдастыруда, 12 жылдық білім беру бағдарламасы, жаңартылған білім беру және критериалды бағалау жүйесі тұрғысынан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.- Мұғалім: Аян Қажыбай