Бухгалтерлік мамандықтың дамуы бухгалтерлік қызметкерлерді
дайындау мен қайта дайындаудың жаңа бағдарламаларын ойластыруды,
біріктірілген (шоғырландырылған) есептілікті халықаралық стандарттарды
қолданып дайындайтын кәсіпорын мамандарына және олардың аудиторларына квалификациялық талаптарды қоюды, кәсіби этика нормаларын
ұстануды қадағалауды және тағы басқаларды талап етеді. Мұндай көзқарас
қазақстандық тәжірибеде пайдалану мақсатымен халықаралық стандарттарды
тереңірек түсінуді қажет етеді.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандарттары – есептік
жүйені реттейтін екінші деңгей ретінде қаржылық есептілікті дайындап
тапсыратын барлық шаруашылық жүргізуші ұйымдардың міндетті
орындауын талап ететін нормативтік-құқықтық құжат болып табылады.
Басқаша айтқанда, стандарттардың негізінде жекелеген есеп бөлімдері,
сондай - ақ, шаруашылық субъектілерінің салалық және өзге де айрықша
ерекшеліктері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі ережелері
қалыптастырылады.
Халықаралық стандарттар бухгалтерлік есеп пен есептілікте қаржылық
операциялардың және шаруашылық фактілердің көрініс табуының
көпшілікке танымал, көпшілік қабылдаған тәртібін анықтайды.
Электронды оқу құралын дайындаудағы негізгі мақсатымыз – кәсіби
білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және тиімді басқару
шешімдерін қабылдап, талдау жасай алатын, сондай-ақ, халықаралық
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес ағымдағы
есепті жүргізіп, қаржылық есептілікті құрастырып ұсына алатын
бухгалтерлік есеп саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындауға үлес
қосу болып табылады.
Сондықтан, электронды ооқу құралында бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын тереңдетіп зерттеумен
байланысты іргелі тақырыптар, соның ішінде қаржылық есептілікті
дайындап тапсыру принциптері, ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі
есептілік, есеп саясатындағы өзгерістер, пайдаға салынатын салықтардың
есебі, қаржылық жалға берудің есебі, қаржылық құралдардың есебі,
корпоратив аралық инвестициялардың есебі, қаржылық есептілікті біріктіру
мен еншілес кәсіпорындарға инвестициялық салымдар есебі, валюта бағамы
өзгеруінің ықпалын және т.б. қарастырылады.
Электронды оқу құралы «Қаржылық есеп 2» пәнінің мазмұнын ашады.
Ол заң актілерінің және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің
халықаралық стандарттарының талаптарына негізделе отырып дайындалды.
- Мұғалім: Еркебулан Утегенов