Курстың
мақсаты
– Мұғалімнің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешқандай өзге еңбекпен
салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам. Бүгінде бұл болашақ
мұғалімді кәсіптік – педагогтың этика – саласындағы арнаулы ғылыми білімдермен
мақсатты түрде қаруландырып отырудың қажеттілігі туып отыр. Жас жеткіншектерге
тәрбие беру ісінде мұғалімнің атқаратын
міндеті зор. Бұл мәселе әрқашанда педагогика ғылымының өзекті
мәселелері болып табылады. Адамгершілік, әдептілік, имандылыққа тәрбиелеу
iciнің жеке өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылыктары бар.
Ұстаздық шеберлікке жетуде педагогикалық әдептің, этиканың рөлі зор.
Әдеп, этика педагогикалық қарым – қатынастың адамгершілік негізін құрайды. Қарым – қатынастағы моральдық принциптер мен нормалар арқылы іске асады. Қарым – қатынастағы гуманизм мен беделдік, альтруизм және өзімшілдік / эгоизм/ сияқты қасиеттері арқылы көрінеді.
Педагогикалық этика - педагогикалық қызметіне қойылатын адамгершілік мінез–құлық ережесін іске асуын қарастыратын ғылым саласы. Оның негізіне мұғалімнің адамдық санасы, оқушыға, өзіне, еңбегіне сүйіспеншілік қатынасы жатады.
Қысқаша сипаттамасы- Пәнді оқыту барысында болашақ мамандарын мұғалімнің адамгершілік, этикалық саладағы білімдерін жетілдіру, іскерлікпен дағдыларын қалыптастыруды көздейді , болашақ мамандардың теорияны тәжірибемен ұштастыра білуге дағдыландырады.Пәнді оқу барысында студенттер төмендегідей іскерлік дағдыларға ие болуға тиіс:
-мұғалімнің жеке басына қойылатын талаптарды ұғынып, өзін-өзі басқаруға,бағалауға дағдыландыру;
-үнемі кәсіби жетілуге ұмтылу;
-алған білімді практикада қолдана білу;
-болашақ мамандықты игеруде мұғалімнің жұмысын этикалық түрғыда ұйымдастыру қажеттілігін түсіндіру.
Пәнің мазмүны мұғалімнің адамгершілік санасының, сезімінің дамуын, қалыптасуын, тәжірибеде іске асу жолдарын зерттейді. Мұғалімнің педагогикалық әдебін,шеберлігінің пед. этикамен байланысын, пед. этикеаның компоненттерін т .б мәселелер бойынша білімдермен қаруландырып іскерліктерін жетілдіреді. Педагогикалық. процесте қарым-қатынасты ұйымдастыруда педагогикалық этиканың рөлін көрсетеді. Пәнің мазмұны екі бөлімге бөлініп қарастырылады.
- Учитель: Бахытгуль Шонова