Қазақстан Республикасы ұлттық мектептерінің қалыптасуы жағдайында бұл курс қазіргі замандағы оқыту және тәрбиелеу теориясы мен практикасында өте көкейтесті. Бұл пәннің негізгі ұстанымдары әр ғылымдардың саласынан мұғалімдердің шығармашылықтарын қамтамасыз ететін жеке тұлғаға және ұжымға жасайтын іскерлікті қалыптастыратын білімдерді іріктеу. Сондықтан бағдарламада педагогикалық шеберлік туралы, педагогикалық техника сұрақтарынан басқа оқушыларға ықпал ету тәсілдері, театралдық педагогика, сөйлеу техникасы, шешендік өнер элементтері қамтылады.


Пәннің мақсаты: Болашақ маман иелерін дайындауға қойылатын талаптарға сай., мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қызметі жөніндегі негізгі білімдермен студенттерді қаруландыру.

Пәннің міндеттері:

  • студенттерге ұстаздық шеберлік және педагогикалық іс-әрекет бойынша негізгі білімдер жүйесін меңгерту;

  • студенттердің педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

  • болашақ мұғалімнің мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін, кәсіби біліктілікті жетілдіруге деген қызығушылықтарын ояту;

  • оқыту мен тәрбие әдістемесін шығармашылықпен іздеуге тәрбиелеу.