Кафедра Социальной и возрастной педагогики
Курс мақсаты: мектепке дейінгі ұйымда инклюзивті білім беруге құзіретті мамандарды даярлау.
Курстың міндеті:
1) "Инклюзивті білім беру" ұғымының мәнін және шығуын меңгерту;
2)Инклюзивті білім беру мәселесіне байланысты халықаралық тәжірибелерді талдау және оны шешетін халықаралық ұйымдардың тәжірибесімен танысу;
3)Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беруді жоспарлау және оқу дағдыларын ұйымдастыру біліктілігін меңгерту;
4)Инклюзивті білім беру технологияларын үйрету;
5)Ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларының жұмыс нысандарымен танысу;
Курсты оқыту нәтижесінде білім алушылар төмендегідей білім біліктеріне ие болуы тиіс.
білімі: отандық және шетелдік тұжырымдамалар мен инклюзивті мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға инклюзивті білім беру тәжірибесінің мазмұнын;
түсінуі: инклюзивті білім берудің мәнін, қоғамның әлеуметтік - мәдени дамуындағы инклюзивті білім берудегі рөлі мен қоғамдағы рухани құндылықтарға ықпалы;
қолдануы: балалардың жетістіктерін диагностикалауда заманауи әдістерін, инклюзивті білім беруде педагогикалық қолдауды жүзеге асыруды;
талдау: оқыту және тәрбиенің жеке бағдарламасы негізінде дене және психикалық денсаулығында әр түрлі патологиясы бар балалардың даму динамикасын талдау;
синтездеу: инклюзивті білім беру бойынша оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету; мектепке дейінгі балалардың ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар негізінде оқу үдерісін ұйымдастыруды ерекше қажеттіліктері бар бала отбасылардың өзара іс - қимыл жоспарлау біліктілігі;
бағалау: өзінің кәсіби дағдыларын; инклюзивті білім беру саласындағы өзінің нысандарын жоспарлау біліктілігі болуы тиіс.